Еуразиялық экономикалық одақ аумағында қызмет көрсетудің бірыңғай нарығын қалыптастыру шеңберінде 2024 жылғы 4-5 сәуірде Алматы қаласында бағалаушылардың IV Халықаралық форумы ұйымдастырылды. Онда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бірыңғай қызметтер нарығын қалыптастыру тақырыбы талқыланды. Форумға Еуразиялық экономикалық комиссияның, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Беларус Республикасының, Армения Республикасының, Қырғыз Республикасының бағалау қоғамдастығының өкілдері қатысты.